Саясат

1 077 0

Ресейдің Қазақстанға дизель отынын жеткізу мәселесі көтерілді


Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчук бастаған делегацияны қабылдады деп хабарлайды primeminister.kz.  

Тараптар отын-энергетика секторындағы — жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ, электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективаларына, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға ресейлік компаниялардың қатысуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Ресейден Қазақстанға дизель отынын жеткізу, Ресей көмірсутектерінің Қаазақстан аумағы арқылы тасымалдануы және т.б. мәселелер қаралды. Мұнай-газ химиясы саласында — полипропилен, полиэтилен, бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. "Самұрық-Қазына" АҚ мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "СИБУР Холдинг" ЖАҚ-пен бірлесіп, Атырау қаласындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің базасында 2022 жылдың басында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлауда. Тараптар жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының бірлескен жобасын іске асыру мәселесін қарастырып жатыр. 

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: