Мәдениет

46 0

ҰЛТТЫҚ ТЕАТР ТАРАЗДА

2022 жылдың 30 қыркүйегінде М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған ұлттық театрдың Тараз қаласындағы гастрольдік сапарының аясында Ш.Мұртаза атындағы Баспасөз үйінде театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Жуасбек бастаған театр артистері - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Т.Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері А.Боранбай, Ш.Жанысбекованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Мәдени жиында ұлттық театр өкілдері аталмыш гастрольдік сапардың 

маңызын атап өтіп, БАҚ өкілдерінің көкейіндегі өзекті сұрақтарға жауап берді. Ұлттық театрдың шығармашылық дамуы, актерлік өнер, режиссура, сахнаның өзекті мәселелері секілді тақырыптар ортаға салынды.


Естеріңізге сала кетейік, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Тараз қаласындағы өнер сапарының бағдарламасы төмендегідей:
1 қазан – Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Ай мен Айша» драмасы;
Басталуы сағат 18.30-да.
2 қазан – Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясы;
Басталуы сағат 18.30-да.
3 қазан – Александр Володинның «Қоштасқым келмейді» драмасы;
Басталуы сағат 14.00-де және 18.30-да.
4 қазан – Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша қойылған «Қара» драмасы қойылады;
Басталуы сағат 14.00-де және 18.30-да.
Бұл күндері театр фойесінде Ұлттық театрдың мұражай қорынан «Мұхтар Әуезов және Ұлттық театр» атты көрме ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, 3 қазан күні сағат 11.00-де А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрының кіші залында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы, Қазақстан Республикасының Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зәуре Көпжасарова «Монодрама – шеберлік шыңы» атты шеберлік сағатын өткізеді.

Ғалия АБЫЛАЙ

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және 

құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: