Мәдениет

47 0

МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде орналасқан мекемелерге баспасөз туры ұйымдастырылды.


Баспасөз туры ең әуелі Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясынан басталып, мекеме директоры Қуаныш Дәурембеков жалпы жұмыстарға шолу жасады. Іс-шара одан әрі Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалғасын тауып, музейдің тарихи жәдігерлер, эспонаттар орналасқан залдарына экскурсия жасалды. Сондай-ақ, Көркемсурет галереясы да назардан тыс қалмады.


Баспасөз турына қатысушы журналистер Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығына барып, Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы, орталықтың алдағы жоспарлары бойынша толыққанды ақпарат алды.

 

Ғалия АБЫЛАЙ

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және 

 құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: