Шоу-Бизнес

1 583 0

Ақбота Сейтмағамбет: Мен қазір шын бақыттымын

Ақбота Сейтмағамбет желіде жазба жариялады. Әнші өз көңіл-күйіне ерік берді. Желідегі оқырмандары оның жеке өміріне қатысты сұрақтар қоя бастады-деп хабарлайды “Macinfo kz” тілшісі Stan kz-ке сілтеме жасап.

Әншінің жеке өмірі оқырмандар арасында талқыда. Жеке өмірін жасырған әнші оған қатысты ашық айтпайды. 

Бұған дейін Ақботаға әріптесі Шерхан Пірназар ұсыныс жасап, сезімін білдірген еді. Алайда әнші оған жауап берген жоқ. Әлі де ойланып жүргенін айтты. Көпшілік мұны кезекті хайп деп болжаса, бірі жарасымды жұп деп мақтады. 

Желі қолданушыларын әнші мен Шерхан арасында не бар деген сұрақ жиі мазалайды. Дегенмен әнші асықпайтын секілді. 

“Сабыр ет. Күт. Мен әлі де ойланып жүрмін”, – деді Ақбота әріптесі Шерханға.

Айта кетейік, Ақбота мен Шерхан отандық бағдараманың тізгінін ұстап, таңғы бағдарламаны жүргізіп жүр. Ал көрермен әр бағдарламаны қарап, жаңалық күтеді.

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелін көпшілікке таныстырды (видео)

"Мен ойланайын": Отбасылы актер жігіт Ақбота Сейтмағамбетке ұсыныс жасап, сақина тақты (видео)

Соңғы кезде Ақбота Сейтмағамбет пен Шерхан Пірназар бірге жиі көзге түсті. Бірге видео түсіріп жариялады. Бұл жолы әнші сезіміне ерік берді. 

“Көңілімдегі қазіргі дүние көпке тұрады. Шын бақыттымын”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары оған қолдау көрсетті. 

“Сен бақытты болуға міндеттісің! Алла сені бақытты болу үшін жаратты!”, “Асықпаған арбамен аң аулайды жаным қызым асықпа екі балапаныңды ойла”, “Бақытқа әбден лайықсыз, бақытты болыңыз”, “Боташ, сен бар жақсыға лайықсың”, “Әр бір қыз бақытты болуға лайық. Бақытты болыңыз”, “Бақытыңыз ұзағынан болсын, сұлу қыз”, “Ақбота жаным, бақытты бол, өте әдемісің мен сені жақсы көремін, Аман бол”, – деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар
Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: