"ҰЛЫ ДАЛА АҚЫНЫ" АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей 19 қараша күні Тараз қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлы дала ақыны» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
🔹Конференцияға ҚР мәдениет және спорт министрі – Ақтоты Райымқұлова, ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары – Дәурен Абаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы – Ұлықбек Есдәулет, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Бекболат Тілеуханов қатысты.
🔹Аймақ басшысы – Бердібек Сапарбаев модераторлық еткен жиын басталмастан бұрын облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер жасақтаған көрмелер көпшілік назарына ұсынылып, экраннан мерейтой аясында жамбылдықтардың атқарған істеріне шолу жасалды.
🔹Конференция барысында қонақтар сөз алып, Қырғыз елінен келген делегация өкілдері де жыр алыбының шығармашылығы мен тұлғасы жайында баяндама жасады.
🔹Шара соңында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Жамбыл жырау» жинағының тұсауы кесілді.