Экономика

325 0

Доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.

inform.kz сайтына сілтеме жасап macinfo.kz хабарлайды.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 17 наурыз кешімен салыстырғанда 1, 85 теңгеге төмендеп, 1 доллар 504, 76 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 506, 14 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 509, 54 теңге, сатып алу – 513, 95 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 509, 31 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 514, 52 теңге.

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: