Экономика

264 0

Қазақстанда азық-түлік қымбаттауы мүмкін


Сарапшылар жыл сайынғы азық-түлік тауарларының барлық түрлерінде бағаның айтарлықтай өсуі байқалғанын айтты деп хабарлайды macinfo.kz. Orda.kz сайтына сілтеме жасап.




Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% өскен, ал жылына 15,4%-ға көтерілген. Жылға шаққанда, бағаның қымбаттауы Ақтөбе облысында (18,5%) тіркелді. Түркістан облысы мен Шымкентте баға – 17,2%-ға, Жамбыл облысында – 16,7%-ға қымбаттаған.

Жемістер мен көкөністер 25,9%-ға, қант, тосап, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер – 24,7%-ға, майлар мен тоңмайлар – 17,4%-ға, нан өнімдері мен жарма – 13,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 13,1%-ға қымбаттаған. Сарапшылардың зерттеуінше, ет өнімдері – 12,9%-ға, сүт өнімдері 11,8%-ға қымбаттаған.


1-12 сәуір аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тікелей мемлекет бақылайтын және реттейтін бағалар тағы 1,8%-ға, ал жыл басынан осы күнге дейін бірден 13,4%-ға көтерілгені айтылды.

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: