Денсаулық

151 0

Инсульт пен деменция қаупін төмендететін сусындар

Тяньцзинь медицина университетінде қытай ғалымдары зерттеу жүргізіп, қандай сусындар инсульт пен деменция қаупін төмендететінін анықтады. Зерттеу нәтижелері PLoS Medicine журналында жарияланды.

ғалымдар 50 жастан 74 жасқа дейінгі 365 682 адамның деректерін өңдеді. Он жыл бойы дәрігерлер олардың денсаулығын қадағалап, күн сайын 2-3 кесе кофе немесе шай ішетіндердің инсульт қаупі 32 пайызға, деменция қаупі 28 пайызға төмен деген қорытындыға келді. Күніне 2-ден 6 кесе шай немесе кофе ішкендер аурудың әмірінен аз зардап шекті.

Зерттеу кезеңінде деменция 5079 адамда дамыды. Инсульт 10 053 қатысушыда орын алды.


Автор Мария Каткова. Рамблер/доктор

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: