«QAZAVTOJOL» филиалының директоры БҚО жол жөндеу жұмыстарының кешіктірілуіне байланысты қызметінен босатылды
Жолдардың уақытылы жөнделмеуіне «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев кінәлі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Zakon.kz-ке сілтеме жасап macinfo.kz хабарлайды.
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев қызметінен босатылды.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
ҚАЖ орталық аппаратының және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар басшы қызметкерлері мен мамандарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Бұған дейін дәл осындай себеппен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен босатылған болатын.