Аймақ

304 0

Пәтер жөндеймін деп тұрғындарды алдаған.

Алматыда тұрғын үй кешенінің тұрғындары пәтер жөндеймін деп уәде берген азаматтың үстінен ұжымдық арыз жазды, деп хабарлайды macinfo.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұжымдық арызда тұрғындар келісімшарт бойынша пәтерлерді жөндеуге уәде берген П. есімді азаматтың өз міндеттерін орындамай, алдап кеткенін көрсеткен. 
Полицияда аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінің өндірісіне алынғаны туралы хабарлады. 

«Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Павлов есімді азамат ұсталды және күдікті деп танылды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот кепіл құқығынсыз қамауға алуға санкция берді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын және басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша кешенді шаралар жүріп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.



Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: