Аймақ

103 0

ӘСКЕРИ КИІМДЕРДІ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Парасатты жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелеріне арнайы тіктірілген әскери және спорттық киімдер табыстау шарасы өткізілді. 

  Шараға арнайы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы қатысып, «Айбын-2023» Халықаралық әскери-патриоттық жиынында Жамбыл облысының намысын қорғайтын «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелеріне сәттілік және жеңіс тілей отырып, әскери киім мен жабдықтарды салтанаттарды түрде табыстады.

  Сонымен қатар, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының Қарағанды облысы, Спасск қаласында өткізілетін «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жиынына қатысу үшін «Парасатты жол» қоғамдық бірлестігі тарапынан жол шығындарымен қамтамасыз етілді.

  Еске сала кетейік, «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жиыны Қарағанды облысы, Спасск қаласында 17-23 маусым күндері аралығында өткізіледі.


 

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: