Қоғам

344 0

Түркістан облысында бес ауылды су басты

Сарапхана елді мекенінде 200-дей, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығын болды.


Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күнгі нөсерден бес ауыл суға кеткен. Сарапхана елді мекенінде 200-дей, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығыны болды.


Zakon.kz-ке сілтеме жасап macinfo.kz хабарлайды.

Қарабау ауылдық округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген.

Қызылқия ауылдық округі Тұғыртас елді мекенінде 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекенінде 12 үйге су кірген.

Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір су басқан аймақта Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: