Блогер Ұлан Әбішев Тоқаевты Джон Кеннедиге теңеді.
Президент жолдауы Джон Кеннедидің «Жаңа шеп» бағдарламасын еске түсіреді. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» директорының орынбасары, блогер Ұлан Әбішев Nege.kz тілшісіне мәлімдеді деп хабарлайды macinfo kz.
«Өзекті мәселелер ауқымды және терең қамтылды. Қоғамды мазалап отырған түйткілдерге орасан зор зерттеу жұмыстары жасалып отыр. Сондай-ақ әр өңірдегі жүйелі мәселелер сараптан өткен. Соның ішінде әлеуметтік ахуал бар», – дейді Ұлан Әбішев.
Оның пікірінше, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған бастамалардың ішінде ең маңыздысы – 1990 жылдары жойылған облыстарды қайта қалпына келтіру.
«Өз басым, Семей қаласы мен облыс тұрғындары үшін қуанып отырмын. Енді олар өз потенциалын айқын көрсетіп, қазақстандық қоғамның рухани-моральдық тұрғыдан ұйысатын орталықтарының бірі бола алады», – дейді Ұлан Әбішев.
Блогердің айтуынша, Абайдың туған жері Жидебай – Семейдің Абай ауданында, Қарауыл өзенінің бойында орналасқан. Ұлы ақынның соңғы 10 жылы да осы топырақта өтіпті. Жидебайда Абай 75-76 лирикалық өлеңін, 45 «Қара сөзінің» 27-сін Жидебайда жазыпты. Лермонтов пен Крыловтың шығармалары осы жерде қазақ тіліне аударылған.
Ұлан Әбішевтің сөзіне қарағанда, Семей қаласы облыс орталығы мәртебесін алғаннан соң, Абай мұрасын зерттеу қарқын алады. Бұл қоғамдық сананың жаңғыра түсуіне ықпал етеді. Бейбітшілік пен түрлі этностар арасындағы келісімді бекітеді.
«Бұл тек Семей өңірінің дамуына ықпал етіп қана қоймай, мемлекеттік идеологиялық саясаты жүргізуде де маңызға ие», – дейді Ұлан Әбішев.