Қоғам

373 0

Талдықорғанда мұғалімді балағаттаған оқушының анасына айыппұл салынды.

Талдықорғанда мұғалімін балағаттаған оқушыға қатысты сот отырысы өтіп, оның анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды macinfo Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Айта кетсек, 11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғалімге балағат сөздер айтып, дауыс көтере сөйлеген болатын. Осыдан соң мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазды.

Құқық бұзушының орнына оқушының анасы жауап беруге келген. Заң ата-ананың біреуіне балаға жауапты тұлға ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасына ҚР ӘҚБтК-нің 3-бөлігінің 127-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша 42 мың теңге айыппұл салынды.

Әйел мұғалімнен кешірім сұрап, ұлының ұстамдылық танытпағанына қынжылатынын айтты. 


"Ана ретінде сізді түсінемін, кешіремін, бірақ ұстаз ретінде мен қатты қорландым. Ұстаз мәртебесі аяққа тапталды", –  деді мұғалім сотта.


Еске сала кетсек, бұған дейін 14 наурыз күні оқушыға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша жазаға тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Баланың жұмыс істемейтінін және табысының жоқ екені ескеріліп, ол айыппұл да анасының мойнына жүктелді.

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: