Спорт

215 0

Франциядағы президенттік сайлаудың екінші турында Килиан Мбаппе 10 дауыс жинады.

400-ге жуық адам тұратын Тальне шағын коммунасында ПСЖ шабуылшысы кемінде 10 дауыс жинаған.

Бюллетеньдер тиянақты дайындалған. Бұл акцияның алдын ала жоспарланғандығын аңғартады. 

Франция құрамасының шабуылшысы президенттікке кандидат ретінде тіркелмегендіктен, оған берілген дауыстар бюллетендерді санау кезінде есепке алынған жоқ.


Франциядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пен қатысты. Макрон Тальна коммунасында басым дауыспен жеңіп, шамамен 70% дауыс жинады. Тальна коммунасында сайлаушылардың жоғары белсенділігі байқалғаны атап өтілді - сайлауға тұрғындардың 85%-ға жуығы қатысты. 

Осыған ұқсас тағы бір жәйт президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде орын алған болатын. Рубей коммунасының бір сайлаушысы мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бенземаға дауыс берген болатын. 


Франциядағы президенттік сайлауда Макрон жеңіске жетті. Ол екінші мерзімге қайта сайланды.

Дереккөзі:
Sports.Ru


Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: