Мәдениет

982 0

Ахмет Байтұрсынов туралы фильмнің түсірілімі басталды

Алматыда «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарылуда, деп хабарлайды "Macinfo.kz" madenietportal-ға сілтеме жасап.

Фильм қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған.

Түсірілім тобын Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмурзин басқарады. Нұрмұхамбетов «Жаңғақ тал» фильмі үшін Пусан халықаралық кинофестивалі (Оңтүстік Корея) «Жаңа ағымдар» секциясының гран-при иегері. Режиссердің «Уақыт жолдары» атты соңғы картинасы осы жылы Францияда прокатқа шықты. Оның серіктесі Ерген Тоқмурзин көптеген деректі фильмдердің қоюшы режиссері болған.

Картинаның сюжеті Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды.

Басты рөлде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды. 

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: