Қазақстандықтар Наурызда бес күн демалады.
Биыл көктем мен жаңару мерекесі Әз-Наурыз мейрамын қазақ елі бес күн бойы тойлайды.
Наурыз — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 3-ші келетін март айына сай қазақша атауы. Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Кейде оны «Ақ мерекесі», «сүт мейрамы», «төл ырысы» деп те атап жүр. Қазақта науқан және ырыздық деген сөз бар. Осыған қарағанда, жаңа жылдың ырыздығы дегенді білдіреді дегенде пікірлер бар.
Наурыз мейрамын тойлау күндері наурыздың 21-і мен 23-і аралығы.
19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді, нәтижесінде бес мереке бар - 19, 20, 21, 22, 23 наурыз.
Алты күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады: 20, 21, 22, 23 наурыз.
✍️ Хангелді Жеткерген