Оқшау ой

949 0

Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға деген көзқарасы өзгерген бе?

Батыс елдерін шығысқа еріксіз мойын бұрғызған түріктер бүгінде адуынды күшке айналған мемлекет. Әрі-беріден кейін саясат әлемінде өзіндік орны бар стратегтер. Өткен кезді қайдам, бүгін де Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға деген көзқарасы өзгерген бе деймін. Бұл пікірімізге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше ғана Түркияға жасаған мемлекеттік сапарынан туындап отыр.

Расында да, екпіні қатты Ердоған ер бастаған Түркия мемлекетінің Қазақстанға құшақ ашқаны үлкен мән береді. Дүрбелеңі көп дүние күнде дүрлігіп тұр. Ресей мен Украин мемлекеттері арасындағы жанжал әлем назарын аударып, шекарасы жақын елдерді қатты алаңдатып отыр.

Біз Ресей бастаған ТМД-ның біраз елдерімен Еуразиялық Экономикалық одақта бармыз. Енді сол секілді Түркі елдерімен де одақдасып, іргемізді бекемдей түсуге берік негіз бар. Сондықтан түркі әлемінің көшбасшысы саналатын Түркиямен ынтымақтастық пен туысқандық қатынасты күшейте түскеніміз жөн.

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ


Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: