СІЗ ТАНЫМАЛ TRAVEL-БЛОГГЕРЛЕРДІ ТАНИСЫЗ БА?
Жалпы, шет мемлекеттерді көруді, саяхаттауды кім армандамады? Дубай, Париж, Нью-Йорк, Милан, Рим, Анталья... Бірақ та қазір заман дамығандығы соншалық, үйде ас үйде отырып та әлемнің түкпір-түкпіріне баруға мүмкіндік бар! Және де бізге осындай мүмкіндікті сыйлап жүрген - travel-блоггерлер! Олар тәжірибелі, көптеген әдемі жерлерді біледі, пайдалы біліммен бөлісіп, керемет кеңестер бере алады. Бірақ ең бастысы-олар барған жерлердің сұлулығын жеткізе алады.
Бұл мақалада мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдарды шабыттандыратын танымал саяхат блогерлері туралы сөз қозғайтын боламыз. Өз арналарында олар саяхат туралы әсерлерімен және құнды тәжірибелерімен бөліседі. Маған сеніңіз, бұл сіздің назарыңызға лайық! Сонымен, кеттік!
АНТОН ПТУШКИН
ТМД аймағынан шыққан ең танымал саяхаттаушы-блогерлердің тізімінде ең бірінші, әрине, Антон Птушкин тұратыны сөзсіз. Ол "Орел и Решка" телевизиялық бағдарламасынан кейін танымал болды (саяхат туралы теледидарлық шоу). Бір кездері Антон осы шоудың екі маусымында жетекші болған. Содан кейін ол өзінің саяхат арнасын құруға шешім қабылдады.
Көптеген Антон Птушкин арнасының жазылушылары шығарылымдарының "Орел и Решка" шоуына қарағанда әлдеқайда мазмұнды, әдемі және қызықты екенін айтады. Бір таңқаларлығы, арна авторы барлық материалдарды өзі сценарий жазады, өзі сөйлейді, өзі түсіреді, өзі өңдейді және арнаға видеоларды жүктейді. Жалғыз өзі! Не деген талант иесі десеңізші!
Ол аудиторияны несімен қызықтырады? Антон Птушкинның видеоблогтары қарапайым, оның әр шығарылымы мүмкіндігінше қызықты ақпаратқа толы және әрі қызықты. Сонымен қатар, видеода табиғат пен сәулеттің әдемі суреттері ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен сұхбаттарда жиі кездеседі.
Птушкиннің youtube арнасында 93 бейне жарияланған, олардың ең танымалы 34 миллион қаралым жинаған. Оның арнасына барлығы 5,57 млн қолданушылар тіркелген.
ЛЕОНИД ПАШКОВСКИЙ «ХОЧУ ДОМОЙ»
Танымал саяхаттаушы-блогерлер қатарына Леонид Пашковскийдің "Хочу домой" арнасын да жатқызуға болады. Ол стандартты емес форматтағы саяхат туралы бейнені жүктейді. Өйткені, сіз ол көрсеткен жерлерге БАРҒЫҢЫЗ КЕЛМЕЙДІ. Себебі, олар жер бетіндегі ең қолайсыз және қауіпті елдерді көрсетеді. Леонидтің видеоблогтарын жеке даму және дүниетанымды кеңейту үшін көруге болады. Өйткені, Леонид бәрін безендірмей, адамдардың шынайы өмірін көрсетеді. Тек осы арнада ғана Сіз қауіпті әрі жабық саясатты ұстанатын елдерде тұратын адамдардың шынайы өмірін көре аласыз.
Арнадағы ең танымал бейне 8 миллионнан астам қаралым жинаған. Онда арна авторы будда монастырының өмірін көрсетеді. Ол шебермен және оның студенттерімен сөйлеседі, сонымен қатар кунг-фуды игереді. Бейне соңында ол өзінің философиясымен бөліседі және осы жерде болу кезеңінде өзі үшін жасаған кейбір тұжырымдар туралы айтады.
2019 жылы Леонид Best Blogger Awards атағын алған болатын. Бұған дейін оған National Geographic Traveler Awards 2018 дауыс беру қорытындысы бойынша үздік саяхатшы-блогер атағы берілген. Қазіргі таңда арнада 1,1 млн тіркелушілер жиналған.
РУСЛАН УСАЧЕВ «ПОРА ВАЛИТЬ!»
2012 жылдың 29 мамырында блогер Руслан Усачевтің YouTube-арнасында "Пора валить!» атты саяхат туралы алғашқы видеоблог жарияланған болатын. Бұл шоуда блогерлер Руслан Усачев пен Михаил Кшиштовский бүкіл әлем бойынша саяхаттап, тәуелсіз ойын-сауық скетч-шоу форматында түрлі қалаларды көрсетумен қатар, көрікті жерлер, қызықты орындар, тамақтану, көлік және қала өмірінің басқа элементтері туралы өз блогтарында қамтып отырды.
Қазіргі таңда арнаға 2,67 млн youtube қолданушылары тіркелген.
Енді өзіміздің Қазақстаннан шыққан travel-блоггерлер бар ма? Әрине, бар!
TEMIRLAN MUKASHEV
Темірлан есімді жігіт өз блогын 2019 жылы бастаған. «YouTube» арнасында өзі барып көрген елдер жайлы видеолар мен бейнешолуларды қазақ тілінде жариялап отырады. Елдер тізімінде Индонезия (Бали), Вьетнам, Тайланд, Үндістан, Түркия, Мысыр, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан секілді мемлекеттер бар. Сонымен қатар шет елдерден бөлек Қазақстанның көрікті жерлеріне жасалған саяхаттарды да кездестіруге болады. Видеоблогты тамашалай отырып өзге елдер жайлы ақпарат алып қана қоймайсыз. Тур бағасы мен саяхатқа қажетті сомма туралы да айтып өтеді.
Темірланның арнасына арнасына 216 мың адам тіркелген, және ең атақты бейнесі 3,2 млн қаралым жинаған.
АНУАР НУРПЕИСОВ
Әнуар Нурпеисовті Қазақстанда танымайтындар кемде-кем шығар! Әрине, кино актер ретінде! «Ағайынды» сериалы, «16 қыз», «Сказ о розовом зайце» фильмдері... Бірақ Әнуар онымен қоймай, өте талантты travel-блоггер екендігін айта кетуіміз керек. Өзінің youtube арнасында Әлемнің елдерімен қатар, Қазақстандағы көрнекті де көркем жерлерді көрсетіп отырады.
Өзінің негізгі арнасымен қатар, Alkettik арнасында да Қазақстан мен әлем елдеріне саяхаттарын «7 причин сорваться в...» видеоблогтары арқылы жариялап отырды. Алайда, белгісіз себептермен 3 жыл бойы арнаға ешқандай видеолар жүктелмей тоқтап тұр. Осы уақытқа дейін арнада 67,9 мың адам тіркелген.