Аймақ

111 0

«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ» ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Парасатты жол» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!» атты өңір жастарын әскер қатарына шығарып салу рәсімін өткізді.

Шараны облыс әкімі Е.Қарашөкеев ашып беріп, жастарға сәттілік тіледі.

Шараның мақсаты - жастарды патриоттық тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметтің маңыздылығын насихаттау, жастардың Отанды қорғау қажеттілігі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, олардың бойында адалдық, батылдық, Отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік сияқты жоғары адамгершілік және моральдық-психологиялық қасиеттерді ояту, жауынгерлік рухты көтеру.

Шара аясында әскери техникалар мен қару-жарақтардың және киімдердің көрмесі, концерттік бағдарлама және «Оңтүстік» ӨңҚ барлау тобының «қоян-қолтық ұрыс» көрінісі ұсынылды. 

Жамбыл облысынан 40 жас Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметіне (20 жас) және Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 35142 әскери бөліміне (20 жас) мерзімді әскери қызметтерін атқаруға шығарып салынды.

Жалпы жыл басынан өңірімізден 1500-ге жуық жас әскер қатарына шығарып салынып, Отан алдындағы әскери борышын өтеуде.



Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: