Белгісіз біреу екі бала мен күтушіні атып өлтірді
Ульяновскіде белгісіз ер адам балабақшада екі бала мен кіші тәрбиешіні атып өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсады.
Фото ғаламтор желісінен алынған
Вешкайма ауылындағы балабақшаға мылтық ұстаған ер адам тынығу уақытында кіріп кеткен. Жергілікті БАҚ ғимаратта күзетуші болмағанын, тек дүрбелең тетігі ғана болғанын хабарлайды.
Baza telegram арнасының хабарлауынша, шабуылдаушы екінші қабатқа көтеріліп, оқ жаудырған. Басылым екі жараланған қызметкер барын хабарлайды.
Ульяновск облысының билігі атыстың орын алғанын және төрт адамның өлімі болғанын растады.
Оқиға орнында полиция мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Мылтық 68 жастағы Александр Дронинге тіркелген. Құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметі бойынша, балабақшаға шабуыл жасаған Александрдың өзі.
Шабуыл жасаушының мақсаты белгісіз.