Аймақ

100 0

«АЙБЫН-2023» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен «Әскери-техникалық мектеп» аумағында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2023 жылдың 9 қараша күні «Айбын-2023» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді. 

Жиынға әскери қызметкерлер, әскери ардагерлер, спорт ардагерлері, запастағы офицерлер, алғашқы әскери және технология пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, 14 пен 18 жас аралығындағы колледж студенттерінен және мектеп оқушыларынан жасақталған әскери-патриоттық 8 команда қатысты. 

Жиын жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, әскерге шақыру жасына дейінгі жастарға әскери қызметті адал атқаруға арналған дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, түрлі оқу орындарының алғашқы әскери дайындық деңгейін сайыстар арқылы анықтау, жиын жеңімпаздарын марапаттау арқылы жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық клубтарға қатысушылар санын арттыру мақсатында өткізілді. 

Шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы және ҚР ҚК-нің ардагері, запастағы полковник, Оңтүстік өңірлік әскерлер Кеңесінің төрағасы, жиынның бас төрешісі Асилов Салханбек сөз сөйлеп, жиынға қатысушы жас сарбаздарға сәттілік тіледі. 

Сайысқа қатысушылар арасында жеңімпазды анықтау үшін төрешілер алқасы құрылады. Жиынға қатысуға ниет білдірген әскери-патриоттық клубтар 9 (тоғыз) сайыс түрінен жарысқа қатысты: турникке тартылу, арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру, «Калашников» автоматын бөлшектеу және жинақтау, саптық жүріспен патриоттық 1 (бір) ән орындау, ЖҚК (ОЗК) киіп жарысу, пневматикалық қарудан нысана ату, робототехника, кедергілерден өту, арқан тарту сайыстары. 

Жиын аясында өткізілген әр сайыста жинаған ұпайлары жинақталып, нәтижесінде І-орынды (100000 теңге) Қордай ауданының білім бөлімінің «№32 В.Маяковский атындағы орта мектебі», ІІ-орынды (80000 теңге) Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, ІІІ-орынды (50000 теңге) Байзақ ауданы білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп» иеленіп, дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: