Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды
15 сәуірде Павлодар облыстық полиция департаментінің жедел қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы бассейндердің бірінің жанынан ҰҚТ басшысын ұстаған. Бұл туралы macinfo.kz. хабарлайды өңірлік ПД Instagram-дағы ресми парақшасына сүйеніп.
Ведомство мәліметінше, жедел уәкілдер ҰҚТ-тың 54 жастағы басшысы 40 жастағы павлодарлықпен алдын ала сөз байласу арқылы, ЖШС-нің бірінің бас директорынан және оның орынбасарынан үшінші тұлғалардың пайдасына 52 млн теңгеден астам қаржы беруді талап еткенін анықтаған. Полицияның дерегінше, бұл ретте олардың психологиялық қысым көрсетіп және күш қолданатынын айтып қорқытқаны белгілі болған.
Құзырлы орган қазір аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.
Күдікті қамауға алынған.