Спорт

239 0

"Канело" командасы Головкинмен үшінші айқас туралы мәлімдеме жасады

Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жекке мүдделі. Бұл ақпаратты мексикалық жаттықтырушы Эдди Рейносо растады - деп хабарлайды "MacInfo.kz" тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз осы тарауды жабу үшін Головкинмен үшінші рет кездескіміз келеді. Біз мұны ұйымдастыра аламыз деп ойлаймын", - деп тренерінің сөзін жетізді "vRINGe.com" - Мен бұл жекпе-жектің Мексикада болғанын қалаймын, Гвадалахарада немесе Мехикода өткізе аламыз. Ол (Головкин) "Канело" атауын айтқан жоқ, оның желтоқсанда Жапонияда Муратаға қарсы жекпе-жегі жоспарланған. Онда не болатынын көрейік, мүмкін (осыдан кейін) біз "Канело" - Головкиннің үшінші жекпе-жегін өткіземіз".

Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: