Спорт

1 121 0

Артық салмақтан арылу үшін қандай жаттығулар тиімді

Вашингтон университетінің неврологы Травис Браун апта сайынғы оңтайлы физикалық белсенділіктің ұзақтығын атады. Ол әртүрлі спорт түрлерімен қалай кезекпен айналысуға болатынын түсіндірді.

«19 бен 64 жас аралығындағы адамдар апта сайын 150 минут орташа аэробты жаттығулармен айналысуы керек, мысалы, велосипед тебу немесе жаяу жүру». – деді сарапшы.


Зерттеуші 75 минуттық қарқынды аэробты жаттығуларды нағыз қажетті спорт түрі деп санайды.


Браунның айтуынша, аптасына екі рет көп күш жұмсалатын жаттығулары бар спортпен айналысу денсаулыққа оң әсер етеді. Бұлшықеттеріңізді сергіту және қуаттандыру үшін апта сайын орташа және қарқынды жаттығуларды біріктіруге болады.


«Бұл бір тәулікте 30 минуттан екі рет жүгіру немесе 30 минуттық екі рет жылдам жүру болуы мүмкін». – деді маман.


Ол апта сайын ұсынылатын 150 минуттық физикалық белсенділікпен айналысудың жолын атады. Бұл жағдайда адам аптасына бес күн 30 минут жаттығуы қажет екен. 


                                                                                                                    Дереккөзі:Daily Mail



Написать комментарий

Подвердите что Вы не робот - [] *: