Роза Рымбаева әншілердің 95 пайызын жезөкше деді
«Роза Рымбаева әншілердің 95 пайызын жезөкше деді».
Роза Рымбаева Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, қазіргі қазақ эстрадасының «90 пайызы жезөкшеге толы» екенін айтты деп хабарлайды Macinfo turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі қазақ эстрадасындағы әншілердің 90 пайызы жезөкше деп айттым. Содан кейін біреу «Сіз қорықпайсыз ба? Сотқа бермей ме?» дейді. «Сотқа берсе, аты-жөніне дейін айтамын, СИК, РНН нөміріне дейін айтып беремін. Кімнің қай күні жатқанын айтып беремін» дедім. Біреуі сотқа бере алмады», – деп қолын сермеледі композитор өзіне тән қызуқандылықпен. Бағдарлама жүргізушісі «Ойбай, сұмдықсыз ғой» деп күліп еді, Қалдыбек Құрманәлі одан әрі желпініп, әнші Роза Рымбаеваның аталған «деректі» өзінен де өсіріп айтқанын алға тартты. «Жезөкшелер жезөкшелерді жақтайды ғой. Көп қой олар. Сондай бір жезөкше қатын Роза Рымбаеваға «Роза Қуанышқызы, Қалдыбек қазақ эстрадасындағы қыз әншілердің 90 пайызы жезөкше деп айтты» деп шағыстырған. Сөйтсе, Роза Рымбаева «Кәкең қателескен. 90 емес, 95 пайыз, менен басқа!» депті… Қазір жынды болып қалдық қой. Қазақтың әнін зерттемейтін болдық, кімнің қанша ойнасы бар, соны зерттеп кеттік қой. Миымыз айналып қалды қазір. Соны телеарнадан жарқыратып көрсетеді», – дейді композитор сұхбаттың Instagram-дағы үзіндісінде.
Ал оны көрген желі қолданушылардың дені Қалдыбек Құрманәліні пайғамбар жасына келгенде өсек айтты деп кінәласа, қалған көпшілігі оның сөзінің дұрыстығына шүбә келтірмеді.
«Иә, әншінің әні емес, күйеулерін санайтын болдық қой», «Өтірік болса, олай айтпас еді. Көзімен көрген соң айтып отыр. Дұрыс, айту керек. Неге жасырады? Себебі әншісымақтардың жүріс-тұрыстары намысына тиіп отыр ағамыздың», «Иә, дұрыс айттыңыз. Жартылай жалаңаштанып, тырысқан киімдер киіп шығады», «Мойындау керек, сөзінің удай ащы шындығы бар. Өз-өзін алдаған қоғамда арсыздықты ұят емес деп ұстануда. Әрі ұят емес деп ашық ән салуда. Бұл арсыздық емей немене?!» десті жұрт.