Шығармашылық үйірме және спорттық секция едәуір дауға айналып барады.
Осыған орай арнайы ArtSport.kz сайты құрастырылып, жұмысын бастады.
Бір жылға жетпей 4-17 жас аралығындағы балаларды тегін шығармашылық үйірме және спорттық секциялармен қамту барысындағы реформа ақсаңдап, арты үлкен дауға ұласып барады.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар аталған реформаны жергілікті атқарушы билік қаржыландырудан бас тартып отырғанын алға тартады.
🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️
Ал, жергілікті атқарушы билік өкілдері бұл реформа мемлекет қаржысының бей берекет жұмсалуына әкеліп соғатынын айтады.
2022 жыл - балалар жылы болып жарияланғанын бәріміз білеміз. Бұл ретте балаларға арналған реформа жанындағы мәселе шешімін табар емес.
✍ MacInfo тілшісі
📸 Сурет: pixabay