Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарлануда.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.