ШҚО-да жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды
Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналып келеді.
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап macinfo.kz хабарлайды.
Басқарма мәліметіне сүйенсек, Ұлыстың ұлы қарсаңында жаңа туған сәбилерді перзентханадан ұлттық киіммен шығару жыл сайынғы дәстүрге айналған. Аягөз ауданаралық ауруханасының перинаталды бөлімшесінде дүниеге келген он бала қазақша нақыштағы киіммен үйлеріне жіберілді.