ҚФФ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДАН БАС ТАРТТЫ
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен (0:8) өткен матчтың нәтижесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды "MacINFO" тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Ең алдымен, Франциямен ойында сәтсіздікке ұшырағаны үшін отандық жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Біз әрбір жеңілісті өз ішімізде сезінеміз. Айта кету керек, негізгі құрамда ойнайтын футболшылардың түрлі себептермен ойынға қатыса алмауынан біз Парижде оңтайлы құраммен ойнай алмадық. Бүгінгі таңда бізде ұлттық команданың резерві жоқ деп айтуға болады. Команда жетекшілерін ауыстырған ойыншылар әлі халықаралық деңгейде ойнауға дайын емес.
Жұртшылықтың сынына келетін болсақ, ашық айтайын: өткен және өткен жылдары Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік бюджеттен 200 миллион теңгеден алды, олар әртүрлі құрамалар үшін халықаралық жарыстарға – жасөспірімдер (U17, U19), жастар U21, Blind-Football (зағип жандарға арналған футбол), әйелдер, ұлттық, жағажай, сондай-ақ футзал құрамаларына дайындықты және ұйымдастыруды іске асырды. Қандай миллиард туралы айтылып отыр?
Келесі жылдан бастап Қазақстан Футбол Федерациясы Мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар есебінен қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА қаражатының түсуі, сондай-ақ демеушілік ақшаны тарту есебінен қаржыландырылады."